«Заманауи трендтер тәжірибеде» облыстық семинар
“Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт — оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниеден сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз – оқу.
«Самғау» желілік қауымдастығының жылдық жоспарына 5сәуір күні №44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектебінде оқу және тәрбие үдерісінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, педагогтердің шығармашылық және креативті әлеуетін жетілдіру, тәжірибе алмасу мақсатында «Заманауи трендтер тәжірибеде» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Заманауи білім беру – оқушыны өз пәніңнен ғана оқытып қоймай, өмірде қадамын нық басуға, қоғамнан өз орнын адаспай табуға, Абай атамыз айтқандай «Дүниедегі кетікке кірпіш болып қалана білуге» үйрету. Мұғалімге берілген жаңа талап: оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану.