«Педагогикалық тәжірибенің интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының мүмкіндіктері» облыстық дөңгелек үстел
Мақсаты: білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру мақсатында рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік - педагогикалық қолдау.
2024 жылдың 11 желтоқсаны күні «САМҒАУ» желілік қауымдастығының жылдық жоспары неігізінде №44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік - педагогикалық қолдау мақсатында «Педагогикалық тәжірибенің интеллектуалдық және инновациялық ресурстарының мүмкіндіктері» облыстық дөңгелек үстел өтті.
Облыстық дөңгелек үстелде серіктес мектептерден келген қонақтар және мектеп мұғалімдерімен танысу мақсатында «Таныстыру» тренингін ағылшын тілі пәні мұғалімі Есенбаева Кумыс Бутаевна өткізді.
№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Тлеулиева Гульсара Кемаловна «Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында интеллектуалдық және инновациялық ресурстарды қолдану арқылы оқушыларды пәнге қызықтыру» тақырыбында оқушыларды сабаққа деген қызығушылықтарын ынталандырудың әдіс- тәсілдерімен таныстырып өтті.
Дөңгелек үстел жалғасын 11 «А» класс оқушысы Орынбасарова Аружан М.Мақатаев «Қар жауып тұр», 10 «Б» класс оқушысы Кабдулов Рустам, М.Мақатаев «Отан туралы», 11 «А» класс оқушысы Дәрібаева Сымбат М.Мақатаев «Ей, өмір!» өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтты. Соңында қонақкәде ретінде Гульсара Кемаловнаның орындауында «Келіншек» халық күйі арналды. №30 қазақ орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Серікбаев Айбек Бақытжанұлы «Инновациялық технологиялардың білім сапасына және қолжетімділігіне әсері» тақырыбында өз іс-тәжірибесін көрсетті. №34 орта мектебі, математика пәні мұғалімі Ғалламова Ақмарал Бекболатқызы «Интеллектуалдық ресурстар «Педагогтардың білімдері мен дағдыларының білім беру үдерісіндегі рөлі» тақырыбында еңбек жолындағы өзінің іс-тәжірибесін таныстырып өтті. №44 А (К) ЖББМ, орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Биекенова Елена Александровна «Орыс тілі мен әдебиет сабағында жасанды интеллект қолдануда іс-тәжірибесін көрсету» тақырыбында іс-тәжірибесімен алмасты. Мектеп оқушылары Тимченко А, Журавлев Д, Кабдулов Р. орындауында «Ұлы Отан соғысына арналған музыкалық-шығармашылық монтаж» үзіндісінен көрініс оқыды. Мектептің педагог-психологы Сейткереева А.Е. «Қарым-қатынас жарастығы» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырды.
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Казиханова Б.Б. Әріптестер арасында кері байланыс орнатып, дөңгелек үстел салтанатты түрде жабылды.