Оқуға құштар мектеп 2023-2024
«№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ-де балалар кітапханасы жобасы аясында, «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау мақсатында 2024 жылдың 21 қараша күні мектеп оқушылары Ақтөбе қаласы Нұрпейіс Байганин атындағы облыстық балалар кітапханасына саяхат жасады.
Мақсаты: оқушыларды кітапханамен таныстыру, оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.
Кітапханашы Жаксыбаева Жанна Арынгазиевна оқушыларды кітапханамен таныстырып, кітапхана туралы, абонемент, оқу залы, кітаптардың қалай орналасқаны, кітапханаға қалай жазылу керектігі, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы толық мағлұматтар берді. Кітапхана ережелері мен қағидалары туралы түсіндірілді. Кітапханада тек оқулық алумен шектелмей, көркем әдебиеттер, анықтамалық басылымдар алып оқуына болатыны туралы айтылды.
Сондай-ақ саяхат барысында оқушылардың назарына қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, тағы да басқа көркем суреттелген иллюстрациялы кітаптар ұсынылды. Оқушылар қызығушылық танытып, кітап туралы өз ойларын айтып бердi.
Шара соңында кітапханашы оқушыларды кітап оқуға, кітаппен дос болуға және кітапхана оқырманы болуға шақырды.
«№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ-де кітапханада 2024 жылдың 20 қараша күні көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру, тәрбиелеу, кітаптарға қызықтыра білуге үйрету мақсатында «5 минут кітап оқу» атты іс-шара ұйымдастырылды.
Мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында үзіліс уақытын тиімді пайдалану, әртүрлі көркем әдебиеттер мен аңыз әңгімелер, ертегілер, өлеңдер оқып, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ұзақ оқу оқушыны шаршатып жалықтырады, екіншіден, оның оқуға деген ынтасын жоятындығы мәлім. Сондықтан 5 минуттан бірнеше бөліп оқытса, әлдеқайда тиімді. Осындай жаттығулардың тиімділігі бір сағаттық жаттығуларға қарағанда әлдеқайда жоғары екендігі басты назарға алынды. Оқушылар өздеріне ұнайтын әдеби кітаптарды оқып, бір-бірімен алған әсерлерімен бөлісті.
Кітапханашы Б.Жаксыбаева
«№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ-де 2024жылдың 19 қараша күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында "Кітап ғұмырлық байлық» кітапханаға кітап сыйлау акциясы ұйымдастырылды.
Мақсаты: Үйлерінде жатқан немесе оқып қойған кітаптарға екінші өмір сыйлау, оқырмандар арасында "Кітапханаға кітап сыйлау" акциясын жүргізу, әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу. Оқушыларды акцияға қатысуға тарту арқылы олардың оқу белсенділігін арттыру.
Іс-шараға мектебіміздің оқушылары белсенділік танытып, ұстаздар, оқушылар өздерінің оқыған жаңа кітаптарын сыйға тартты. Мектеп оқушылары, мұғалімдер акцияға белсене қатысты.
Кітапханашы Б.Жаксыбаева
2023-2024 Оқуға құштар мектеп жобасының жылдық талдамасы.pdf
2 бет.pdf
3 бет.pdf
4бет.pdf
5 бет.pdf
6 бет.pdf
7 бет.pdf
8 бет.pdf
9 бет.pdf
10 бет.pdf
11 бет.pdf
12 бет.pdf
13 бет.pdf
Оқуға құштар мектеп 2022-2023 о.ж.
10 бет Оқуға ҚМ талдамасы.pdf
2 бет Оқуға ҚМ талдамасы.pdf
2022-2023 оку жылы, Оқуға ҚМ талдамасы 1 бет.pdf
3 бет - Оқуға ҚМ талдамасы.pdf
4 бет Оқуға ҚМ талдамасы.pdf
5 бет Оқуға ҚМ талдамасы.pdf
1.ОҚУҒА ҚМ 2021-2022 ож, талдамасы
2. ОҚУҒА ҚМ талдамасы -
3. ОҚУҒА ҚМ талдамасы.pdf
4.ОҚУҒА ҚМ талдамасы.pdf
5.ОҚУҒА ҚМ талдамасы.pdf
6.ОҚУҒА ҚМ талдамасы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау мақсатында, 2024 жылдың 14 мамыр күні №44 А(К)ЖББМ-ң кітапханасында қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Р.Абдибекова оқушыларға қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты: оқу мәртебесін арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.
«№44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп» КММ-де оқуға құштар мектеп жобасы аясында «Көктемгі демалыста кітап оқимыз» тақырыбында кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Мақсаты: оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, жас ұрпақ бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.
11 «В» класс оқушысы Тугелова Дана және 9 «Б»класс оқушысы Мамытова Анита отбасында қысқы демалыс уақытында көркем әдеби кітаптар оқып, өз ойларымен бөлісті.
«2024 жылдың сәуір айының 19 күні Қалалық орталықтандырылған кітапханасында Ақтөбе қаласының 155 жылдық мерейтойы аясында ақын Сағи Жиенбаевтың туғанына 90 жыл толуына орай «Алтын қалам иесі» атты ақынның ұрпақтарымен және С.Жиенбаев атындағы Ақтөбе облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлерімен сыр-сұхбат кездесу кеші.
07.03.2024. Республикалық ғылыми педагогикалық кітапхананың ұйымдастырумен өткен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің сүйікті кітабым» атты Республикалық челлендж барысында мектеп кітапханашасы Жаксыбаева Б.С. оқушыларға Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесі туралы кыскаша мәлімет беріп, бұл кітапты оқуға кенес берді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітап оқуды насихаттау, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында кітапханада жұмыстар ұйымдастырылуда.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында жоспар бойынша «Өзің оқы және өзгеге ұсын» атты буккроссинг көрмесі ұйымдастырылып мұғалімдер мен оқушылардың ат салысуымен өзара кітаптар алмасу болды.
Бұл акцияның негізгі мақсаты мектеп кітапханасындағы кітап қорын молайту және байыту. «Буккроссинг» қозғалысы кітап пен оқырман арасын жақындатудың тиімді жолы ретінде іс-тәжірибеге енгізіліп отыр. Мектеп оқушылары оқыған аса түрлі жанрдағы қызықты кітаптарын буккроссинг сөрелеріне қойып, орнына сол сөреден өзі оқымаған әр түрлі кітапты алып кетуі арқылы достарымен бөлісті.
Оқушылар "Буккроссинг" не екенін, кітап қозғалысының қатысушысы болуды біліп, өздерінің сүйікті кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті.
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында, күзгі демалыста «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» тақырыбында №44А(К)ЖББМ-де кітап оқу іс-шарасы ұйымдастырылуда.
Мақсаты: оқу мәртебесін, оқу белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзіреттілігін дамыту.
11 «б» класс оқушысы Тугелова Дана күзгі демалыс уақытында отбасында әжесімен бірге Марк Твеннің «Том Сойердің басынан кешкендері» атты сүйікті кітабын оқып, әңгімелеп берді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау мақсатында жоспар бойынша, № 44 А(К)ЖББ мектебінің оқушылары 2023 жылдың 28 қараша күні қалалық орталықтандырылған кітапханасына саяхат жасады.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылық қасиеттерін қалыптасытыру, патриоттық тәрбие беру.
«Шырағы биік киелі ордаға 80 жыл» атты, жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың 100 жылдығына орай, Т.Ахтанов атындағы драм театрының артистерімен кітапханада кездесу іс-шарасы өткізілді. Драм театрының артисі «Құрмет» орденінің иегері, мәдениет саласының үздігі Майгул Мұзбаева және артист Сержан Аманқұлов жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың шығармаларымен оқушыларды таныстырды, театрдың ашылуы туралы қызықты әңгімелер айтып өтті және түрлі тақырыпта шығармалар мен өлеңдер оқып берді. Оқушылар саяхаттан жақсы ұмытылмас әсер алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау мақсатында жоспар бойынша, № 44 А(К)ЖББ мектебінің оқушылары 2023 жылдың 21 қараша күні Ақтөбе қаласы Нұрпейіс Байганин атындағы облыстық балалар кітапханасына экскурсия жасады.
Мақсаты: оқушыларды кітапханамен таныстыру, білімін кеңейту және тереңдету.
Кітапханашы Аяжан Алданазарова оқушыларды кітапхана өмірімен таныстырды, білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындырды, кітапхана туралы, балалар әдебиеті бөлімі, кітап қоры туралы мәлімет «Кітаппен бірге өсеміз», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен таныстырды. Оқушыларға қазақ, орыс, шетел шығармалары, балаларға арналған энциклопедиялар, ертегі кітаптар тізімін ұсынды. І.Жансүгіровтың, М.Әуезовтың А.Құнанбаевтың және т.б. ақын жазушылардың шығармаларымен оқушыларды таныстырды.
Оқушылар экскурсиядан жақсы ұмытылмас әсер алып, кітап оқып өз ойларымен бөлісті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Оқуға құштар мектеп» жобасын қолдау мақсатында, 2023жылдың 10 қараша күні №44 А(К)ЖББМ-ң кітапханасында биология пәнінің мұғалімі Г.Камысбаева оқушыларды биология пәні бойынша көркем әдебиеттермен таныстырды, насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: оқу мәртебесін арттыру, оқу сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.
Оқушылар өз ара пікір алмасып, алған әсерлері мол болды.
10.10.2023 ж. №44 ауысымдық( кешкі) жалпы білім беретін мектебінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханашы Б.Жаксыбаева кітап көрмесі ұйымдастырды.
Мақсаты: оқу мәртебесін арттыру, оқу іс-әрекеті және оқу сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру.Көрме - оқырмандарға қосымша білім алуға, ұсынылған тақырыпқа қызығушылықты қалыптастыруға және кеңейтуге мүмкіндік беретін әдебиетті көрнекі насихаттаудың негізгі әдістерінің бірі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым экс министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай: «Оқу-дүниетаным туралы ой-өрісті кеңейтуге көмектеседі, сыни ойлауды дамытады, білімді, шығарма кейіпкерлерінде болатын мінез-құлық үлгілерін сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді. Мұның бәрін бала кезінен бастау керек. Сол кезде әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның бүкіл өмірінде болады». 8, 10 класс оқушылар жаңа көркем әдебиет кітаптарымен танысып, оқып, өздеріне қажетті көптеген мағлұматтар алды. Жаңа әдебиетті тек ғана оқушылар емес мұғалімдер де қызығып оқиды.