№44 А(К)ЖББМ оқушылары Ақтөбе облыстық тарихи- өлкетану музейіне барды

×

Error message

Deprecated function: Array and string offset access syntax with curly braces is deprecated in include_once() (line 20 of /var/www/mektep44-akt/data/www/mektep44-akt.edu.kz/includes/file.phar.inc).

20.10.2021 ж. №44 А(К)ЖББМ мұғалімдері Д. Ш. Бижанов пен Г. А. Камысбаева 8-11 сынып оқушыларымен бірге Ақтөбе облыстық тарихи – өлкетану музейіне саяхат ұйымдастырды.

Бұл саяхаттың мақсаты - оқушылардың азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін тәрбиелеу.

Балалар ежелгі экспонаттарды, Ойыл кентіндегі алғашқы кездейсоқ олжаларды қызығушылықпен қарап, ата-бабаларымыздың өмірі мен тұрмысы туралы, олардың еңбегінің арқасында біздің мемлекетіміздің қалай құрылғанын және дамығанын үлкен қызығушылықпен тыңдады.

Ұлы Отан соғысына арналған экспонаттар оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Музей көрмелерінде балалар соғысқа қатысушылардың қару-жарақтарын, майдандық хат-хабарларын, жеке заттарын көрді.

Бұл іс-шара оқушылардың жағымды эмоцияларын тудырды, олар экспонаттарды қызығушылықпен қарады және сұрақтар қойды.

Оқушылар музейден, көрген экспонаттардан жағымды әсер алды.

Қазақ