Әкімшілік

×

Error message

Deprecated function: Array and string offset access syntax with curly braces is deprecated in include_once() (line 20 of /var/www/mektep44-akt/data/www/mektep44-akt.edu.kz/includes/file.phar.inc).

Гумарова Гульнар Урынбаевна

1965 ж. Қызылорда обл., Арал қ. дүниеге келген. Арал қ. №14 мектепте 1983 ж. бітірді. Осы жылы Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсті. 1988 ж. «Ұлттық мектептегі орыс тілі және әдебиеті пәні» мамандығы бойынша оқуды үздік бітірді. 1988 ж. Тараз қ. Жамбыл атындағы №5 орта мектепте еңбек жолын бастады. 1998 ж. отбасылық жағдайына байланысты Ақтөбе қ. қоныс аударып, №44 А(К)ЖББМ-ке орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмысқа орналасты. 1999 ж. мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2020 ж. 28-сәуірінен бастап, №44 А(К)ЖББМ-тің директоры болып жұмыс жасайды.

Есенбаева Кумыс Бутаевна

1969 жылы Батыс Қазақстан обл., Шыңғырлау ауд. Ашесай ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қ.Жұбанов атындағы АМУ-тін «Неміс және ағылшын тілдерінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын Ақтөбе обл., Қобда ауд. Новоалександровка орта мектебінде неміс тілінің мұғалімі болып бастаған (1991-2000). 2000 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы № 44 ауысымдық (кешкі) мектепте ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс істейді. 2005 жылдан бастап №44 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасайды.

Қазақ