Мақсаты: білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру мақсатында рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік - педагогикалық қолдау.
2024 жылдың 23 қазаны күні «САМҒАУ» желілік қауымдастығының жылдық жоспары неігізінде №44 ауысымдық (кешкі) жалпы білім беретін мектеп базасында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын іске асыру аясында білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік - педагогикалық қолдау мақсатында «Оқу-тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Облыстық семинарда республика күніне орай «Моя республика-моя гордость», «Цвети, мой Казахстан!» тақырыбында 10 «Б» класс оқушылары қатысқан класс сағаты өтті. «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша «Кітап оқимыз атты» оқушылардың кітапханада кітап оқып отырған мезгілі - кітапханаға саяхат жасалды. «Сезімді серік еткен ұстаз» поэзия сағаты 32 жыл еңбек жолын мұғалімдік қызметке арнаған, ұстаздықты жыр жазумен серік еткен математика пәнінің мұғалімі, «Білім беру саласының үздігі» медалінің иегері Төлеубай Қанат Үбайтұлының 2024 жылдың қазан айында жарық көрген «Ой түбінде жатқан сөз» жыр кітабындағы өлеңдерін оқырман қауымға жеткізуге арналды. «Тәрбиемен нұрланған жол» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, қадірлі ұстаз 20 жыл бойы мектептің оқу-тәрбие ісінің орынбасары қызметін атқарған, ерен еңбегімен танылған тұлға Есенбаева Кумыс Бутаевнаның шығармашылық кешімен жалғасты.