01.02.2023ж. мектебімізде қазақ әдебиетінен 11 «А» сыныпта М.Әуезовтің «Абай жолы» романы желісінде «Оқапта» бөлімі бойынша пән мұғалімі, Абдикаликова Ж.С., «Lesson Study» зерттеу сабағы бойынша ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты:шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету, ғаламдық тақырыптарға креативті ой қосу, автор стилін анықтау, көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын табу. Жалпы алғанда жеке тұлғаны Абай ойымен тәрбиелеу және білімге шыңдау. Сабақ өз мақсатына жетті, оқушылар арасында белсенділік танытып, талдап, өзіндік пікірлер мен ойларын жеткізді.
Қазақ